Суббота
16.11.2019
01:40
Категории раздела
Разработки уроков [167]
Творчество учителей [36]
Проза, поэзия. эссе
Вход на сайт

Поиск
Наш опрос
Какому источнику информации Вы доверяете?
Всего ответов: 400
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Сайт учителей русского языка и литературы Казахстана
    Главная » Статьи » Литература в школе. Учителя » Разработки уроков

    "Мен, сен, ол, олар – барлығымыз бір отбасымыз!"
    Мектеп:


    Мұғалімнің аты- жөні:
    Сынып: Пән: Дүниетану №9 сабақ Ортақ тақырып: 3. Уақыт Бөлімше: 1.1 Менің отбасым
    Күні: Қатысқандар саны:
    Қатыспағандар саны:
    Тақырып: Мен, сен, ол, олар – барлығымыз бір отбасымыз!
    Оқыту мақсаты 3.1.1.1 отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру.
    Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
    – туысқандық байланыстың не екенін біледі;
    – туысқандарды туыстығы жағынан қалай атау керек екенін біледі.
    Көптеген оқушылар:
    – отбасы мүшелері арасындағы туысқандықтың дәрежесін қалай түсіндіру керек екенін біледі.
    Кейбір оқушылар:
    – өзінің туысқандық байланысына зерттеу жүргізеді.
    Тілдік мақсаты Оқушылар:
    – жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алынған ақпараттарды қолданады.
    Пәнге қатысты лексика мен терминология:
    Отбасы, туысқандық байланыс
    Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер Туысқандық дәреже, туысқандық байланыстар Талқыланатын мәселелер:
    Отбасында кім қалай аталады?


    Алдыңғы білімдер Отбасы жайындағы білімдері, оқушылардың өмірлік тәжірибелері
    Сабақ жоспары
    Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
    Ой қозғау 5 мин. Уәждеме. Стартер.
    Қоңырау соғылды, сабағымызды бастаймыз. Құлағымыз түрулі, көзіміз ашық болсын.
    Тыңдаймыз, есте сақтаймыз, бір минутты да жоғалтпаймыз.

    1. Сабақ тақырыбын хабарлау
    Қосалқы алғы бетті қарау. Бөлімнің тақырыптарын және сұрақтарын анықтау.
    – Бүгінгі сабағымызда «Отбасы деген не?», «Отбасы мүшелерін не біріктіреді?», «Отбасы мүшелерін қалай атайды?», «Жасы бір адамдарды қалай атайды?», «Отбасында қалай тату-тәтті өмір сүру керек?» деген сұрақтарға жауап іздейміз.
    Жаңа сабақ 30 мин 1. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.

    2. (Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі.
    – Отбасы дегеніміз не?
    – Бірге тұратын барлық адамдарды отбасы деп атауға бола ма?
    – Отбасы мүшелерін не біріктіреді?
    – Отбасы мүшелерін тағы не біріктіреді?
    «Антонимдер» ойыны
    Отбасы мүшелері бір-бірімен ұрысады, бір-бірін ренжітеді.
    Отбасы мүшелері бір-бірін жақсы көреді, бір-біріне қамқор болады.
    Отбасының әрбір мүшесінде өзінің жеке пәтері бар. Отбасы мүшелері бір шаңырақ астында өмір сүреді. Отбасының әрбір мүшесінде өзінің бюджеті бар.
    Отбасында бір бюджет бар, ақшаны бірлесе отырып, қажеттіліктерге бөледі.
    Отбасының әрбір мүшесі өз алдына бөлек демалады.
    Отбасы мүшелері уақытты бірге өткізеді.
    Отбасының әрбір мүшесінде өз шаруашылығы бар.
    Барлығы бірігіп, үй шаруашылығын бірге жүргізеді.
    – Отбасы мүшелерін бір-біріне деген жауапкершілік, сүйіспеншілік, өзара көмек, өзара түсіністік біріктіреді.



    3. (Ж) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.
    – Мәтінді оқып шығыңдар. Мәтінге берілген тапсырманы екіден отырып, орындаңдар.

    4. (Ұ) Қабылдауды тексеру. Уәждеме. «Кімді қалай атаймыз?» ойыны Отбасында екі қыз бар. Олар бір-біріне кім болып келеді? (Апалы-сіңлілер) Әкемнің әкесі (Ата).
    Анам – әйелі, ал әкем – (ері),
    Отбасында екі ұл бар. Олар бір-біріне кім болып келеді? (Ағалы-інілілер) Әкемнің ағасы (аға)
    Отбасының ұйытқысы (ана) Рудың жалғасы, мұрагер (ұл).
    Ата-ананың баласы, бірақ ұл емес (қыз) Ағамның ұлы (іні)
    Әкемнің анасы (әже)
    Әкемнің немесе анамның әпкесі (апа немесе әпке).

    5. Сергіту сәті
    Барлығымыз тұрамыз
    Кімнің ағасы бар болса, қолдарын көтерсін.
    Кімнің сіңлісі немесе қарындасы болса, отырсын.
    Кімнің әжесі мен атасы осында тұрса, орнында тұрып секірсін. Кімнің алыс туысқандары бар болса, адымдап жүрсін.
    6. Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды
    – Сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?

    Оқулық

    Оқулық суреті
    Рефлексия 5 мин Бүгінгі өздеріңді қандай себеп үшін мақтар едіңдер? Қай тапсырманы орындау сендерге оңайға түсті?
    Сабақ несімен қызық болды?
    – Отбасы дегеніміз не екен?
    – Сендер үшін отбасының маңыздылығы қаншалықты?
    Үй тапсырмасы Тапсырманы орындау.
    Категория: Разработки уроков | Добавил: 12raihan1983 (19.11.2018) E
    Просмотров: 225 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
    Всего комментариев: 1
    1 12raihan1983  
    Урок построен методически правильно. На уроке использованы разные методы работы, наглядные пособия. Проведена рефлексия урока. Я считаю урок достигнет своих целей

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]